|
|
|
|
|
ҚЫЗМЕТТЕР |
|
|
«Дегар» ЖШС кешенді инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық ізденістер жүргізеді. Айталмыш жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті актілеріне (атап айтқанда, - ҚР ҚН 1.02.-18-2007 және ҚР ҚН 1.02.-18-2008) сай жасалады.
«Дегар» ЖШС өнеркәсіп нысандарының, сонымен бірге жай нысандардың топографиялық түсірістерін тапсырысшылардың техникалық тапсырмасына және Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларына (ҚР ҚН 1.02.-18-2007) сай жасайды. Топографиялық түсірістер әр түрлі мақсатпен, сонымен бірге әр түрлі масштабтарда: 1:10000, 1:5000; 1:2000, 1:1000, 1:500 1:200 жасалады.
2010 жылынан бастап біз кәсібімізге жаңа іскерлік түрін қостық: өнеркәсіп және азаматтық құрылыс нысандарын жобалау. Айталмыш жұмыстарды жүргізу үшін компанияда 2000 жылының 31-наурызында алынған ГСЛ № 001183 лицензиясы бар. (Лицензияға сілтеме)
Компания сондай-ақ: бұрғылау бұрышы 45-90°, ұңғыма диаметрі 60-121 мм болатын тереңдегі тік және көлбеу бағаналы геологиялық барлау ұңғымаларының бетін бұрғылау, RC әдісімен бұрғылау, су ұңғымаларын, геотермиялық және геотехникалық ұңғымаларын, соның ішінде, кен өндіру саласындағы кәсіпорындарына жарылыс жұмыстары үшін ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.
|
|
Инженерлік-геодезиялық ізденістер – нысандар мен ландшафтты жобалаудың, аймақтарды абаттандырып көгалдандырудың бастапқы кезеңі. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың мақсаты - бір арнайы аймақтың бедері мен ахуалы жайлы мәлімет алып, кейін осы мәліметті қағазға немесе электрондық тасушыға түсіру.
Тағы басқалар>>>> |
|
Инженерлік-геологиялық ізденістер мына жұмыстарды қамтуға тиісті: жобаланған құрылыс аймағының (жұмыс алаңының, жет тәлімінің, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын, соның ішінде сол жердің бедерін, геологиялық құрылымын, сейсмотектоникалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырағының құрамын, күйін және сипаттарын, геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістерін кешенді мәнермен зерттеу.
Тағы басқалар>>>> |
|
БҰРҒЫЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
- кернді іріктеп немесе кернсіз сумен, сазды ерітіндімен, көбікпен, ауамен шайылған бағаналы бұрғылау;
- тікелей айналым және кері айналым бойынша айналмалы бүрғылау (ТК);
- иірлік бұрғылау;
- соққылы-арқанды бұрғылау;
- батпалы пневмасоққысы бар соққылы-айналмалы бұрғылау DTH;
- және т.б.
Тағы басқалар>>>> |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лицензия
|
|
|
|
Байланыс мәліметі
Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды (топотүсірімді) жүргізу үшін қажет құжаттардың тізімі. |
|
|
|
Нысандар
Жұмыс барысында біз инженерлік-геологиялық және/немесе инженерлік-геодезиялық ізденіс қызметтерімізді төмендегі заңды тұлғаларға көрсеттік:
"ACIG" АҚ.
"AECOM-KZ" ЖШС. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы, Абай/Тургут Озал көшесі 150/230, 12-блок, 875-кеңсе
Тел. +7 (727) 357-27-87; +7 (727) 357-27-85
info@degar.kz, www.degar.kz |
|
|
|
|
|
|
|