Компанияның «Дегар» деген атауы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында орналасқан Дегерес тауынан туындаған. Бұл жерде 1729 жылы сол кезде жаңадан тағайындалған Наурызбай батырдың ордасы тұрған. Біздің заманымызға дейін жеткен аңыздар бойынша, Басбатыр деп аталатын сол орын жоңғар әскерлерінің шабылуларына тойтарыс беретін ең мықты бекіністердің бірі болған.
Компанияның құрушысы – тәжірибесі мол геолог Байғожа Шора Тойбайұлы (1941-2008). Дегерес ауылында туып-өскен және туған жерін сүйген осы азамат компаниясын 1992 жылы, яғни аса күрделі заманда құрған кезде барлық жұмысын өз тәжірибесі мен біліміне жүгініп, нөлден бастады.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына және экономикалық дағдарысқа қарамастан Байғожа Шораның ісі біртіндеп алға баса берді. Ал 2008 оның компаниясы орта кәсіпкерлік нысандарының тобына ауысты. Сондай-ақ, «Қызметтер» бөлімін қараңыз (сілтеме)
|