left
h1
lkz1
kus1
n1
b2kz b3kz b4kz b5kz kus
k1 r1 english kus
lin
kus1 ҚЫЗМЕТТЕР
lin5

Инженерлік-геодезиялық ізденістер – нысандар мен ландшафтты жобалаудың, аймақтарды абаттандырып көгалдандырудың бастапқы кезеңі. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың мақсаты - бір арнайы аймақтың бедері мен ахуалы жайлы мәлімет алып, кейін осы мәліметті қағазға немесе электрондық тасушыға түсіру. Инженерлік-геодезиялық жұмыстардың нысаны – жоспарлы-биіктік түсірім геодезиялық торабын құру, топографиялық түсірім жасау, жер асты коммуникацияларын түсіру және жер тәлімінің шекараларын анықтау; құрылыстар мен ғимараттарды орнықтыру, туралау жұмыстарының нәтижелеріне және нысанда бұрыннан бері бар темір жолдар мен автожолдардың сипаттамаларына қарай қажетті профильдерді құру және жаңа жолдарды жобалау. Төңіректе жүргізілетін өлшеу жұмыстарының барлығы жоспарға 1:200 – 1:1000 масштабында түсіріледі.

Инженерлік-геодезиялық ізденістер (ҚР ҚН 1.02-02-2008) құрамына келесі жұмыстар кіреді:

  • өткен жылдарда жасалған инженерлік ізденістердің материалдарын, топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірімдік және басқа да материалдар мен деректерді жинау және сараптап өңдеу;
  • аймақты алдын ала тексеріп білу;
  • тірек геодезиялық желілерін, сонымен бірге құрылысқа арналған геодезиялық желілерін құру (дамыту);
  • жоспарлы -биіктік түсірім геодезиялық тораптарын құру;
  • 1:10000-1:200 масштабтарында топографиялық (жер бетіндегі, аэрофототопографиялық, стереофотограмметриялық және т.б.) түсірім, сонымен бірге жер асты және жер үсті құрылыстардың түсірімін жүргізу;
  • топографиялық (инженерлік-топографиялық) және кадастр жоспарларын 1:10000-1:200 масштабтарында, графикалық, сандық, фотографиялық және басқа пішіндерде жаңарту;
  • инженерлік-гидрографиялық жұмыстар жүргізу;
  • таудағы қуыстар мәселесін, геофизикалық нүктелерді және инженерлік ізденістер жүргізу барысында анықталған басқа нүктелерді даладағы нақты жағдаймен байланыстыру;
  • қауіпті табиғи және техно-табиғи үрдістер дамитын аймақтардағы ғимараттар мен құрылыстардың табандарында, сондай-ақ жер беті мен топырақ қабаттарында пайда болатын деформацияларды геодезиялық стационарлық құралдармен бақылау;
  • Қоныс-мекендер мен мемлекеттік (қала құрылысы және т.б.) кадастрлардың геомәліметтік жүйелерінің (ГМЖ) инженерлік-геодезиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
  • инженерлік-топографиялық жоспарларды, кадастрлық және тематикалық карталар мен жоспарларды, арнайы атластарды (графикалық, сандық және басқа пішіндерде) жасау және басып шығару (тарату);
  • далада жиналған мәлеметтерді кеңседе талдап өңдеу (камералық өңдеуден өткізу);
  • техникалық есеп (түсіндірме хат) жасау

Инженерлік-геологиялық ізденістер>>>

right
bg01 bg02
bg02
line2

Лицензия

licenzia1

line1

Байланыс мәліметі  

Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды (топотүсірімді) жүргізу үшін қажет құжаттардың тізімі.

line1

Нысандар

Жұмыс барысында біз инженерлік-геологиялық және/немесе инженерлік-геодезиялық ізденіс қызметтерімізді төмендегі заңды тұлғаларға көрсеттік:

"ACIG" АҚ.
"AECOM-KZ" ЖШС.

line2
line3
line2
logo2 line4

Алматы, Абай/Тургут Озал көшесі 150/230, 12-блок, 875-кеңсе
Тел. +7 (727) 357-27-87; +7 (727) 357-27-85
info@degar.kzwww.degar.kz

Негізгі line4 line4 Қызметтер line4 Нысандар line4

Байланыс мәліметі

bg02